Павлодарда ұзату тойында қонақтар жаппай уланып, мейрамхана бір айға жабылды
Фото: piko.by
8 маусымда Павлодардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қаладағы мейрамханада өткен ұзату тойынан кейін бірнеше адамның жедел ішек инфекциясымен ауруханаға түскені жөнінде жедел жәрдемнен хабарлама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сол күні эпидемиологиялық тексеру басталып, зертханалық сынамалар алынды. Тексеру барысында анықталғандай, аталған мейрамхана рұқсат құжаттарсыз жұмыс істеген.
9 маусымда мекемеге қызметін тоқтату туралы қаулы табысталғанына қарамастан, мейрамхана жұмысын жалғастырған. Тек сол күні, яғни 9 маусымда 18 адамнан жедел ішек инфекциясы диагнозымен түскендігі туралы хабар келіп түскен.
Сот отырысында жеке кәсіпкер Ж кінәсін толық мойындап, бұл жағдайдың алғаш рет және абайсызда болғанын айтып, соттан бұл жайтты жеңілдететін жағдай ретінде ескеруді сұрады. Сот Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес, Ж-ны әкімшілік жауапқа тартып, 275 240 теңге айыппұл салу және “B” мейрамханасының қызметін бір ай мерзімге тоқтату жөнінде шешім шығарды.
Айта кетейік, сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
СҚО-да бір отбасының тұшпарадан улануы: Медбике екі жылға бас бостандығынан айырылды
Еске салайық, Павлодарда қыз ұзатуға барған 30-дан астам адам уланып қалғаны туралы хабарлаған едік. Бұл уланғандардың қатарына келесі күні сол мекемеде өткен екінші мерекенің қонақтары да қосылды. Ол жерден 10 маусымда 7 адам жүгінген. Олардың бесеуі бөлімге орналастырылып, екеуі емделуге үйге жіберілді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
