Павлодарда уақытында медициналық көмек алмаған зейнеткер ауруханада қайтыс болды
Павлодарда дәрігерлер уақытында диагноз қоймай өміріне қауіп төнген зейнеткер ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы Экспресс К хабарлады.
58 жастағы Ирина Дубовских басының қатты ауырып тұрғанын айтып дәрігерлерге 2 рет шағымданған. Бірақ, дәрігерлер, уақытында медициналық көмек көрсетпеген.
2 қаңтарда Ирина Дубовских өзін нашар сезінгендіктен туыстары “жедел жәрдем” шақырды. Дәрігерлер оған дәрі беріп, 1 сағатта тәуір болатынын айтып кеткен. Бірақ науқастың жағдайы жақсармай, тағы да “103” қызметіне жүгінген.
“Анама екпе жасап, система қойған ауруханаға апардық. Бірақ ұзақ болмай оны үйге жіберді. Онымен бірге ағам барған еді. Ол анамды ауруханаға орналастыруын сұраған. Бірақ, дәрігерлер тек ауыр хәлдегі науқастарды қабылдаймыз деп жатқызудан бас тартқан. Сол кезде анам аяғын әрең басып жүрген еді. Дәрігерлер айтты: “Бас миының МРТ суретін(снимок) әкеліңіздер, сосын қараймыз”. Бірақ, 2 қаңтар- мереке, демалыс күн. Бас миын қайдан түсіреміз?!”, – дейді зейнеткердің қызы Надежда Бахарева.
Үйіне келген Ирина Дубовскихтың жағдайы одан сайын нашарлап, есінен танып қалды. Балалары үшінші рет “жедел жәрдем” шақырды. Сол кезде ғана оны ауруханаға жатқызған. Әйелге ота жасады. Ол тәулік бойы ессіз жатып, комаға түскен. Оған жасанды тыныс алу аппаратын қойған. Бірақ, 8 қаңтарда Ирина Дубовских қайтыс болды.
“Маған бас дәрігер де, облыстық аурухана орынбасары да уақытында көмектеспеген жас мамандарының қателігін кешіруімді сұрап хабарласқан да жоқ. Бірақ, олардың меннен кешірім сұрағандары керек емес, бәрі-бір анамды қайтара алмайды 2016 жылы наурызда әкемнен айырылдым, енді міне, анамнан. Мен ары қаарай қалай өмір сүретініамді білмеймін…”, -дейді Надежда Бахарева.
Бұдан бұрын, Павлодарда дәрігерлер диагнозды кешіктіріп қойғаны үшін әйелдің өміріне қауіп төніп тұрғанын айтқан едік.
Тағы оқыңыз:
Елімізде анонимді пікір жазуға тыйым салатын заң күшіне енді
Ақтөбеде хиджаб киген оқушылардың ата-анасы Сапарбаевты іздеп әкімдікте шу шығарды
Оралда мешітке келушілердің ақшасын жымқырумен айналысқан ұры ұсталды
Қазақ қыздары Байзақованы айыптаған бір топ жігітке флешмобпен жауап берді (видео)