Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда тұрғын үйдің кіреберісінде ер адам балаға шабуыл жасаған (видео)

Әлеуметтік желіде Павлодарда көпқабатты үйдің кіреберісінде белгісіз ер адамның кішкентай балаға шабуыл жасағаны түсірілген видео тарады. Мектеп оқушысын курьер құтқарып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Балаға шабуыл 19 наурызда жасалған. 2016 жылы туған мектеп оқушысы үйіне қайтып келе жатқанда, оның артынан бейтаныс ер адам еріп келген. Сол сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Ер адам баламен бірге кіреберіске енген. Сол кезде ғимаратқа курьер кіріп, жағдайды бақылап, баланы құтқаруға тырысқан. Төбелестен  кейін ер адам баланы босатып, қашып кеткен. 



Полиция департаментінің мәліметінше, мектеп оқушысына шабуыл жасаған ер адамның жеке басы бейнебақылау камераларының көмегімен анықталды. 

"Ұсталған азаматты жауапкершілікке тарту үшін материалдар жиналып, сотта қаралды. Сот аяқталғаннан кейін ер адам ауруына байланысты мамандандырылған медициналық мекемеге жатқызылды", – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Астанада бойжеткен белгісіз ер адамның көшеде бөксесінен ұстап азғындық жасағанын айтқан еді. 

Талқылау