Павлодарда тамақтанып, шотты төлемеген қыздар Instagram желісі арқылы табылды
Павлодарда “Автосити”- дің әкімшілігі Instagram желісі арқылы шілденің 9-нан 10-на қараған түні дәмханада тамақтанып, шотты төлемей кеткен қыздарды тапты.
Сурет womanway.online
Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.
“Бізде бейнекамера жазып алған таспа бар. 11 шілде күні кешке дейін сіздерді күтеміз. Осы уақыттың ішінде сіздерге қызмет еткен даяшыға ақшаны қайтарып беруіңіз керек. Сұрағанымыз орындалмаса, біз полицияның көмегіне жүгінеміз. Ал егер қайтарсаңыз құқық қорғау органдарына хабарласпаймыз. Егер намысыңыз болса, ақшаны төлеуіңіз керек”, – деп хабарламада жазылған.
Хабарлама шыққаннан соң қыздардың әрекетіне Instagram-ның қолданушылары пікірін білдіре бастады.
Айта кетерлігі, Instagram желісінің zhagiparova_7182 атты пайдаланушысының айтуынша, кейін қыздар шотты толықтай өтеген.
Өздерінің ісін олар мас болып, ұмытып қалғанымен түсіндіріпті. Дәмхананың әкімшілігі болған оқиғаға түсінік беруден бас тартты.
Талқылау