Павлодарда салмағы 7 келі болған шарана анасының құрсағында шетінеп кетті
Павлодарда жүктіліктің 38-ші аптасында салмағы жеті келі болған сәби анасының құрсағында шетінеді.
Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің агенттікке берген мәліметі бойынша 21 маусым күні 27 жастағы Екібастұз тұрғыны, шарананың қимылдамай қалғанын сезіп, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Бұл күні оны облыс орталығындағы перинаталды орталыққа жеткізді. – УДЗ бен тексеруден кейін дәрігерлер әйелге жатыр ішіндегі өлім мен қант диабеті диагнозын қойған. Қаңтар айында зерттеу нәтижесінде оның қанында қант анықталмаған және УДЗ бойынша баланың бес келі болып туатыны болжанған. 22 маусым күні дәрігерлер толғағын шақыртып, сәбидің өлі екеніне көздері жетті, – деді басқарманың баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиева.
Бүлдіршін күткеннен анағұрлым ірі 7 келі 190 грамм, бойы 63 сантиметр болып шықты. Әйел төрт күн бұрын үйіне шығарылды. Дәрігерлердің айтуынша, баланың анасы есепке жүктіліктің 16 аптасында тұрған. Бұл – оның жетінші жүктілігі. Бұған дейін сегіз жастағы қызы 3,2 келі салмақпен туса, бес жасар ұлы төрт келімен туды. Екібастұздық әйелдің келесі үш жүктілігі сәтсіз болған: түсік тастап, шаранасы ішінде қатып қалған.
Дегенмен 2015 жылы әйел тағы да жүкті болып, дүниеге бес келі ұл баланы әкелген. Өкінішке орай, ол туа біткен жүрек ақауымен екі жұмадан соң көз жұмған. Соңғы жүктілік кезінде дәрігерлер оған тексеруден өтіп, ем қабылдау керектігін ескерткен. Алайда ол бұл кеңеске құлақ аспаған. Соның салдарынан жатырдағы сәбидің салмағы соңғысынан екі келі артық болған.
Жіберіп алмаңыз: