Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қырым кімдікі?”: Павлодарда ресейліктерге арналған тегін түскі ас кезінде жанжал шығарған блогер қамауға алынды

Павлодарлық блогер Диас Кузаиров ресейліктерге арналған тегін түскі ас кезіндегі жанжалдан кейін қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

блогер диас

27 қыркүйек күні сағат 13.00 шамасында Павлодар қаласында Академик Сәтбаев көшесі, 290, Silver Palace мейрамханасында жиын болған. Г.Н. Даримова Ресейден азаматтардың келуіне байланысты оларды мейрамханаға түскі асқа шақырды. Осы кезде блогер қонақтарға тиісіп, оларды қуа бастаған.

“Оларға саяси сипаттағы арандатушылық сұрақтар қойып, ресейліктерге теріс баға берді. Іс-шараның ұйымдастырушысы Даировмен жанжалдасты. YouTube арнасында адамдардың шектеусіз тобына бейнетүсірілім мен жазбаны трансляциялаған. Қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, ұсақ бұзақылық жасады", – делінген Павлодар әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысында.

Сот Кузаировты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, бес тәулікке қамау жазасын тағайындады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде блогердің “Қырым кімдікі?” деп ресейліктерге сұрақ қойған бейнежазбасы қызу талқыланған еді.

Талқылау