Павлодарда шенеунік Ұлттық қордың миллиондаған қаржысын шығындағаны үшін сотталды

Павлодар аудандық прокуратурасы тексеру барысында Павлодар ауданындағы нақты сектор экономика бөлімінің басшысының лауазымын асыра пайдалану фактісін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл әлеуметтік нысан салу кезінде болды.
Мәлімет бойынша, "Ауыл Ел-Бесігі" мемлекеттік бағдарламасы аясында Ұлттық қордан бөлінген қаражат есебінен Кеменгер ауылында спорт-сауықтыру кешені салынған, оның құны 382 миллион теңге.
"Ордабасы" футбол клубындағы ақша жымқыру ісі: Басты күдіктінің есімі аталды
“Бюджеттік қаражаттың заңсыз жұмсалуын тексеру барысында мердігерге орындалмаған жұмыстар үшін 158 миллион теңге төленгені анықталды. Аудан прокуратурасы лауазымды тұлғаның қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша материалдарды Қылмыстық кодекстің 361-бабы бойынша бірыңғай тізілімге тіркелді тіркеді, алдын ала тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент жүргізді”, – делінген хабарламада.
Павлодар облысының аралық сотының үкімімен бұрынғы нақты сектор экономика бөлімінің басшысы 3 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қаржыны жымқырмақ болған шенеунік сотталғаны туралы жазған едік.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді