Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еріктілер балаларына пәтер алып берді: Павлодар тұрғыны жаңалықты естіген күннің ертесінде көз жұмды

Еріктілер онкологиялық дертке шалдыққан павлодарлық әйелге пәтерге ақша жинап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме беріп.

Анастасия Ставкова

Анастасия Ставкова қатерлі ісіктің төртінші деңгейі диагнозы қойылған, төсекке таңылып қалған ол 19 қаңтарда көз жұмды. 

“Көңілі жай тауып кетті. Біз үлгердік. Жаның тыныш болсын, Настя”, – деп жазды қайтыс болған науқас әйелдің анасы мен балалары үшін пәтерге қаражат жинауды ұйымдастырушы Гүлжайна Дәрімова.

Үш баласы бар әйел жеңілдікпен үй алу мақсатында 10 жыл бойы кезекте тұрған. Осы уақыт аралығында пәтерді  жалға алып тұрып жүрген. Алайда ауруға шалдыққан соң барлық ақшасы дәрі-дәрмектерге кеткен. Отбасы көшеде қалып қала жаздаған. Анастасия хосписқа жатуы, ал оның балалары - балалар үйіне кетуі мүмкін еді. 

Бірнеше жыл бұрын Анастасия Ставкова үш бала тәрбиелеп жүрген, жұмысы бар, болашағы жоспарлы әйел еді. 2019 жылы жатыр мойны қатерлі ісігі диагнозы қойылған кезде бәрі өзгерді. Әйел емдеудің барлық әдістерін қолданды, бірақ жағдайы күрт нашарлады. 33 жастағы павлодарлық әйел төсекке таңылған. Ал анасы балаларды қамқорлыққа алған.



Оның анасы Татьяна Пасынкова немерелерін алып кетеді деп қорқады. Отбасының жеке баспанасы болмағандықтан, қаржылық жағдайы нашар болғандықтан болашағына алаңдауы болатын.

“Мен балаларды шамам келгенше қараймын. Оларды тастамаймын деп қызыма уәде бердім”, – дейді анасы.

Еріктілер отбасының көмек сұрағанын біліп, көмектескен. Олар небәрі екі күн ішінде отбасына үш бөлмелі, жөндеуден өткен пәтер алып берді.

“Адамдар көптеп келді, азық-түлік, дәрі-дәрмек әкеліп жүрді, балаларға заттар сатып алды. Мектеп, әкімдік, тіпті басқа қалалар да байланысқа шықты. Германиядан Анастасияға арналған пәтерге аударымдар түсті. Осы сағатта 15 млн теңге жиналды, бұл біз мүлдем күтпеген сома”, – дейді Екатерина Кудрявцева, "VITA" ерікті-іздестіру тобының жетекшісі.

Қаражат жинау бүгін түстен кейін жабылды. Анастасия Старкованың отбасы үш бөлмелі пәтер алды. Еріктілер жақын арада отбасы өз баспанасына көшеді деп үміттенеді.
 

Талқылау