Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда оқушылар 7 жасар баланың тілін кеспек болған

бала ауруханада жатыр

Фото: ЖИ

Павлодарда мектеп оқушылары 7 жасар балаға шабуылдап, тілін кесіп алмақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жеті жасар баланың анасы оқиға 9 желтоқсанда Айманов көшесіндегі №50 үйдің жанында болғанын айтады.

"Шамамен 10 жастағы екі бала оған шабуыл жасап, жерге құлатқан. Біреуі ұстап тұрған, екіншісі басы мен денесінен тепкен. Содан кейін біреуі қайшыны суырып алып, тілін кесе бастаған. Ұлым қашып үлгеріп, үйдің кіреберісіне қарай жүгірген. Олар оның артынан қуған, бірақ ол домофонды басып, ғимаратқа кіріп кеткен", – деді әйел.


"Қылқындырып, видеоға түсірген": “Жас Ұлан” әскери мектебінде оқушының қатарласына күш көрсеткен видеосы тарады


Облыстық денсаулық сақтау департаменті жарақат алған баланың Павлодар облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілгенін нақтылады. Алғашқы тексеріс кезінде дәрігерлер ми шайқалуын, жоғарғы және төменгі ерін сыдырылулар мен көгерулерді, сондай-ақ тілдің ұшындағы сыдырылуды, сөйлеу қабілетінің бұзылғанын анықтады.

"Науқас жарақат бөліміне жатқызылды. Оның жағдайы тұрақты, бірақ орташа ауырлықта. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", – деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау департаменті.

Қырмызы Скендирова
Сәрсенбі, 10 Желтоқсан, 2025 17:03