Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда құмар ойынның көрігін қыздырған қылмыстық топ мүшелері сотталды

Павлодарда екі жарым жыл бойы заңсыз ойын автоматтарын ұйымдастырған қылмыстық топ мүшелері сотталды. Шаһармен қоса өңірдегі өзге қалаларда да құмар ойынды кәсіп қылғандардың алды 12 жылдан арқалады, деп хабарлайды КТК арнасы.

кумар ойын 1108

Ойынханаларды көбіне жертөлелерде ұстап келген олардан, лотерея түрінде жұмыс істеген 300-ден аса құрылғы тәркіленген. Кәсіпкерлер автоматтарды шаһардағы дүкендер мен ойын клубтарында да орнатып алған көрінеді. Он бір адамнан құрылған топ мүшелері олжаға кенелу үшін арнайы есепші мамандарды да жалдаған.

Биыл ақпан айында ұсталған топ құрамында екі әйел де бар. Бүгін осы екеуі мен төрт жігіттің бас бостандығына 6 жылға дейін шектеу қойылды. Тағы екі азамат 6 және 9 жылға дейін қамалды. Ал қылмыстық топқа жетекшілік еткен екі азамат ендігі 12 жылын темір тордың ар жағында өткізулері тиіс. Жалпы, тек тәркіленген құжаттар бойынша, пысықайлар екі жарым жылда 2 жарым миллиард теңге пайда тауып үлгеріпті. Бірақ бұл іс мұнымен бітпейді. Өйткені қылмыстық топқа жетекшілік еткен тағы бір адамға қазір халықаралық іздеуде жүр.

Жіберіп алмаңыз:

Көлігін автотұраққа қоймақ болған әйел 7-қабаттан көлігімен қоса құлап кетті (видео)

ШҚО-дағы оқиға: Анасы екі қызы мен өзін өлтірген болуы мүмкін

ОҚО-да баласы мен әкесі терроризмді насихаттағаны үшін сотталуда

Еуропада тоналған қазақстандық бойжеткеннің еліне қайтуына көмек берілді

Талқылау