Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда көлік жүргізу құқығынан айырылған шенеунік тағы да рөлге мас күйінде отырған

Құрылыс басқармасының бастығы мас күйінде көлік жүргізгені үшін айыппұл төлейді. Мемлекеттік қызметкердің көлікті мас күйінде басқарғаны бірінші рет емес екені анықталды.

Ол алғаш 2015 жылы көлікті мас күйінде жүргізгені үшін үш жылға жүргізуші куәлігінен айрылған болатын. Шенеунік бұл жолы жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, тағы да мас күйінде көлік айдаған. Бұл туралы pavon.kz хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

№2 қалалық соттың төрешісінің айтуынша, шенеунік полицейлердің қолына түсіп, көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.

Айта кетейік, мемлекеттік қызметкер екі рет заңды бұзу арқылы қылмыстық іс жасады. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігінде (автокөлікті мас күйінде басқарған азамат көлік құралын жүргізуден шеттетілген) көзделген заңдарды бұзды деп, айыпталды.

Заң бұзды деген шенеунік кінәсін толық мойындады. Сот оған 60 мың теңге айыппұл түрінде жаза тағайындап, көлік жүргізу құқығынан тағы үш жылға айырды.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда көлік жүргізушісі желі арқылы түскен шағымнан айыппұл төлейтін болды

Алматы облысында бір отбасының үш мүшесі өлі күйінде табылды

Павлодарда ұрыны ұстап алған кондукторларға сыйақы беріледі

ШҚО-ның Зырян ауданында сары түсті қар жауды

Талқылау