Павлодарда қызын зорлағаны үшін сотталған ер адам түрмеде өз көзін ойып түсірді
Павлодарда кәмелет жасқа толмаған қызын зорлаған ер адам тергеу изоляторында отырып, өзінің бір көзін ойып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pexels.com
1971 жылы туған ер адам кәмелетке толмаған қызын бірнеше рет зорлағаны үшін кінәлі деп танылды. Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыскерге қатысты үкім шығарды. Үкімге сәйкес, ол 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот қылмыскерге мерзімін орташа режимдегі колонияда өтеу жазасын тағайындады.
Сот отырысы кезінде қылмыскер өз кінәсін мойындады. Бірақ қылмыс жасаған кезде мас күйде болғанын айтып, куәлік беруден бас тартты. Сондай-ақ жәбірленушіге моральдық шыны ретінде 5 миллион теңге беру туралы талаппен келісті.
Жазасын өтеу кезінде сотталушы өзіне қасақан зиян келтіріп, сол жақ көзін шегемен ойып алған. Бұған дейін ер адамның оң көзі нашар көргенін ескерсек, сотталушы енді мүлдем көрмей қалды.
Қазір сот айыпталушыны арнайы медициналық комиссияға жіберу мәселесін қарап жатыр. Комиссия оның денсаулық жағдайын тексеріп, жазасын одан әрі өтеу немесе мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылдайды. Іс материалдарында Алматы қаласында жүргізілген психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бар. Сарапшылар сотталушының жағдайына “өз іс-әрекетінің сипаты мен қоғамдық қауіптілігін түсініп, басқара алады” деген баға берді”, – делінген хабарламада.
Сот үкіміне қатысты аппеляциялық сотқа шағым түсуі әбден мүмкін.
Бұған дейін 13 жастағы қарындасын 6 жыл бойы зорлап келген ер адамның ұсталғаны туралы жазған едік.