Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда қыздар қатарласын аямай соққыға жығып, видеоға түсірген (видео)

Әлеуметтік желіде бір топ қыз қатарласына жабылып, аяусыз соққыға жыққан видеосы тарады. Полиция төбелеске қатысы барлардың жеке басын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Желіде тараған видеодан қыздың жекпе-жек әдістерін қолданып, бірінші жұдырықпен, кейін аяғымен диванда отырған қыздың бетінен тепкен. Төбелес болған сәтте бөлмеде басқа да қыздар болған. Бірақ олар тек сырттай бақылап тұрды. Тек біреуі ғана ашуға булыққан құрбысын тоқтатуға тырысқандай болды. 

Тағы бір видеода ол қатарласып жерге алып ұрып, басына бірнеше рет қатты соққы жасады. 

Жантүршігерлік жағдай Павлодарда болғаны анықталды. 

“Барлық қатысушылардың жеке басы анықталып, олар полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді полиция. 



Төбелеске қатысқан қыздардың кәмелет жасқа толмаған колледж студенттері деген болжам бар.

Бұған дейін Семейдегі оқушы қыздардың төбелесі жұрттың жағасын ұстатқан еді. 

Талқылау