Жаңа жыл түні студенттер Алматыдағы дәмханада жаппай төбелес шығарды
Жаңа жыл түні Алматыдағы дәмханалардың бірінде университетте оқитын шетелдік студенттер арасында жанжал шығып, оның соңы жаппай төбелеске ұласты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Әлеуметтік желіде тараған видеодан бірнеше жігіттің бір-бірін ұрып жатқанын көруге болады. Олар бір-бірін орындық, шоқпар, тіпті үстелмен тоқпақтаған.
Алматы полиция департаменті төбелеске қатысқандардың бәрі анықталып, Медеу аудандық полиция бөліміне жеткізілгенін мәлімдеді.
“Олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр", – деді ведомстводан.
- Ақтөбе облысында аязда баланы жартылай жалаңаш етіп көшеге алып шыққан әйел желідегілерді ашуландырды
- "Есікті қағып, пышақпен қорқытады": Алматылық желіде қауіпті көршісіне шағымданды (видео)
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сенсек, төбелеске қатысқандардың бірінің басы жарылып, оны оқиға орнынан жедел жәрдем алып кеткен.
Бұған дейін Катардағы Жаңа жыл кешінде қақтығыс салдарынан ондаған адам зардап шеккені туралы жазған едік.
"Анам бүгін келе ме?": Жақынынан айырылған балаға қаралы хабарды қалай жеткізу керек
Әлеуметтік желіде желі қолданушысы бес жастағы қызға анасының қайтыс болғанын қалай жеткізерін білмей жүргенін жазған
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады