Павлодарда келінін балағаттаған қайын ата темір тордан бір-ақ шықты
Павлодар облысы, Шарбақты ауданының тұрғыны туыстарымен жанжалдасқаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды.
Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.
Алексеевка ауылының тұрғыны мас күйінде өзінің келінімен, ата-анасымен жанжалдасып, балағат сөздер жаудырған. Келесі күні ер адам тыйым салынған жерде темекінің тұқылын тастап, қоғамдық орынды ластаған. Ол өзінің бұл әрекеті үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынатын болды.
Сот оның бұған дейін бірнеше мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын ескеріп, Алексеевка ауылының тұрғыны “ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-бабы – “Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы әрекеттер” және 434-бабы “Ұсақ бұзақылық” бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Талқылау