Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда қайтыс болған 25 жастағы жігіт үш адамды аман алып қалды

Павлодар облысында мидың өлуі деген диагноз қойылған азаматтың бауыры мен бүйрегі үш қазақстандыққа берілді. Мәйіттік донордың екі бүйрегі екі балаға салынды.

25 жастағы науқас Павлодар қалалық ауруханасына ауыр жарақатпен түскен. Өкінішке қарай, азамат көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz.

“Ер адам қайтыс болған соң ата-анасымен әңгімелестік. Ата-анасы органдарды алуға рұқсат берді. Оның бүйрегі мен бауырын алу туралы шешім қабылданды. Бірнеше күннен соң органдар зәру азаматтарға салынды. Бүйректері 9 және 11 жастағы балаларға, ал бауыры 30 жастағы ер азаматқа берілді. Оталар сәтті аяқталды”, – дейді Павлодар қалалық №1 ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Алмас Жұмабеков.

Өңірдегі трансплантология жөніндегі координатор Дмитрий Потеребухтың мәліметінше, бұл – Павлодардағы ағзалық донорлықтың үшінші оқиғасы.

“Елімізде 3517 адам донорлық органдарға зәру. Ал Павлодар облысында 84 адам бүйрек және 5 адам донорлық бауыр кезегінде тұр. Бүгінде азаматтың органдары берілген адамдардың денсаулығы жақсы”, – дейді Дмитрий Потеребух.

Органдары алынған павлодарлықтың соңында 2,5 жастағы қызы қалған.

Тағы да оқыңыз:

Басқа кітап үстімен емін-еркін жүрген мысық мәжбүрлесе де Құранды баспай қойды (видео)

Ақтөбе басшысы әкім болмай тұрып Бердібек Сапарбаевтың назарына қалай іліккенін айтып берді

Ақтөбеде ішімдікке сылқия тойып алған «сақалды» жігіт жұрттың көзінше әйелін сабап тастады

Талқылау