Павлодарда Қайрат Нұртастың концертінде жоғалған құндыз тон табылды
Павлодарда танымал қазақстандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың концертінде жоғалған құндыз тон иесіне қайтарылды.
Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.
Бұл туралы агенттік тілшісіне Естай атындағы мәдениет сарайы директорының орынбасары Замира Солтан мәлім етті.
“Құндыз тонды киіп кеткен Қалқаман ауылының тұрғыны болып шықты. Зейнеткер өзінің киімінің ауысып кеткенін бірден аңғармаған. Ол үйіне барған кезде әлеуметтік желілерде тараған жаңалықтардан тонның ауысып кеткені туралы біліп, өзінің бөтен адамның киімін киіп кеткенін түсінген. Бүгін кешірім сұрап, қысқы сырт киімді иесіне қайтарып берді”, – деп Замира Солтан зейнеткердің аты-жөнін атамауды өтінді.
Естеріңізге сала кетейік, 8-наурыз күні Павлодарда Естай атындағы мәдениет сарайында Қайрат Нұртастың «Жұбатуға арналады бұл әнім» атты ән кешінен кейін қала тұрғындарының бірі Алмагүл Байдельдинова өзінің құндыз тонын таба алмай қалған.
Бейнебақылауда сырт киімді белгісіз біреу киіп кеткені түсіп қалған.
Оқи отырыңыз:
Әншілер Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылын білмей ұятқа қалды
Айшаның жап-жас анасын көрген жұрт оның сұлулығына таңдай қақты
Мәдина Сәдуақасова қоғамдық көлікке отырып көпшілікті таңғалдырды
Тоқтар: Қыздарға қараймын, бірақ Бейбіт тоқал алуға рұқсат бермейді