Павлодарда қарапайым отбасы бес ағайынды баланы асырап алды
Астана күні қарсаңында Кенжекөл балалар үйіндегі Балапановтардың бес бауыры мен қарындастары үшін өміріндегі маңызды сәт орнады – отбасына ие болды.
Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы хабарлады. Қабылдаушы ата-аналар Качир ауданының Байқоныс ауылында тұрады. Ұл мен қызды, сонымен қатар ерте жаста жетім қалған жиенді де тәрбиелеп отыр. Гүлмира Қуанышқұлқызы жергілікті мектепте мұғалім, ал Қайыржан Әбілқасымұлы АҚ жүргізушісі болып жұмыс жасайды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
“Балалар Байқоныс мектебінде оқитын болады, Карина және Махаббат вокал және хореографиямен айналысқанды қалайды, Әділ домбырада ойнауды жақсы көреді, Резат спортпен айналысады( волейбол және баскетбол), Дамир аспаздықты танып жүр, болашақта аспаз болғысы келеді. Қайыржан мен Гүлмира балалардың қалаған мамандықтарын қолдайды және оларды жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасауға дайын”, – деді білім бөлімінде.
Осылайша, Павлодар өңірінде ағымдағы жылғы қаңтар айынан бастап төрт қабылдаушы отбасы құрылды, онда 18 бала тәрбиеленіп жатыр. Аталған кезеңде қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен облыстың балалар үйлерінен отбасы тәрбиелеуіне барлығы 50 бала берілді.
Тағы да оқыңыз:
“Қазақстан барысы” Еламан Ерғалиев: Бейбіт Ыстыбаевтан асып түскім келеді
Америкалықтар ЭКСПО-да қазақша сөйлеп қайран қалдырды
Қазақстанның 18-миллионыншы тұрғынына 3 бөлмелі пәтер беріледі