Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда ер адам бетон плитасының астында қалып, мерт болды

57 жастағы жұмысшының денесін алып шығу үшін оқиға орнына құтқарушыларды шақыруға тура келген,-деп жазды КТК арнасы.

бетон

Қайғылы оқиға шаһар сыртындағы өнеркәсіп аумақтарының бірінде болды. Гараж құрылысы кезінде мұндағы бетон плиталардың бірі іште жүрген жұмысшының үстіне құлап кетіп, ол оқиға орнында жан тапсырған.

Ал жаншылып қалған денені құтқарушылар сыртқа кранмен зорға алып шықты. Қазір тексеріс жүргізілуде. Бірақ, қайғылы оқиғаға нақты кімдердің жауап берері әзірге белгісіз.

«Егер еңбек келісімі бекітілген болса, біз тексеріс жүргізіп, болған жайттың себебі мен оған жол бергендерді анықтаймыз. Ал еңбек келісімі болмаған жағдайда, марқұмның туыстарына оның жұмыс берушімен қатынасын дәлелдеп, мәселені сот арқылы шешуі тиіс»,-дейді Павлодар облыстық Еңбек басқармасы бөлімінің инспекторы Абылай Сабыров.

Оқи отырыңыз:

Елбасы: Көңіл толқытарлық сәтке таяп қалдық

Құлпынайды денсаулығыңызға зиян келтірмейтіндей қалай дұрыс таңдау керек?

Желіде ұшаққа тегін билет беретіні жайлы қауіпті сілтемелер тарап жатыр

Қытай жігіті қазақ қызын әйелдікке алып, дүркіретіп той жасады (видео)

 

Талқылау