Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда екі баласын терезеден лақтырып жіберген әйел ауруханадан шықты

Аурухана палатасыФото: freepik.com

Павлодарда екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі секіріп кеткен әйел ауруханадан шықты. Дәрігерлердің айтуынша, оған остеосинтез жасалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әйел Павлодардағы №1 қалалық ауруханада ем қабылдаған. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық.

"Оған екі жағының да өкше сүйектерінің остеосинтезі, сол және оң жақ иық сүйегінің остеосинтезі операциялары жасалды. Ол ауруханадан қанағаттанарлық жағдайда шығарылды", – деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 30 шілдеде Павлодарда жантүршігерлік жағдай болды – 34 жастар шамасындағы әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі секіріп кеткен. Полиция департаменті зардап шеккендер подъездің қалқалағышына құлағанын мәлімдеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел арнайы медициналық мекемеде тіркеуде тұрған. 

Анасы терезеден лақтырып жібергеннен кейін жансақтау бөліміне клиникалық өлім жағдайында түскен бір жарым жастағы бала 1 тамыз күні кешке ауруханада қайтыс болды

Аман қалған жеті жастағы бала қазір Екібастұз ауданындағы ауылда туысқандарының үйінде тұрып жатыр. Ол бір жыл бойы оңалтудан өтуге тиіс.

Аида Тақабаева
Сәрсенбі, 27 Тамыз, 2025 12:39
Талқылау