Оның айтуынша, қазір қыз өзін жақсы сезінеді. Кеше мен онымен сөйлескен, көңілі тоқ деп отыр ол.
Павлодарда 8 жастағы оқушыны өзінің сұрауымен балалар үйіне орналастырды

Павлодар қаласында сегіз жасар қыздың өзі балалар үйіне апаруды сұраған. Оқушы қызды жалғызбасты әкесі тәрбиелеп келген. Қыз көршілеріне әкесінің оны үйден қуып жібергенін айтып шағымданған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазір қыз балалар үйінде. Ол жерде оның туған ағасы да тәрбиеленіп жатыр. Балалардың анасы бір, бірақ бірнеше жыл бұрын әйел ата-ана құқығынан айырылған, ал өткен жылы қайтыс болған. Жақында ұл бала 14 жасқа толды.
Қыздың әкесі бұған дейін де ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған. Оның қызын телефонмен басынан ұрған сәті бейнекамераға кездейсоқ түсіп қалған. Сол кезде ер адам тек айыппұлмен құтылған екен. Қазір оны ата-ана құқығынан айыру мәселесі қарастырылып жатыр.
Бұл оқиға жария болғаннан кейін көп адам қызды қамқорлыққа алуға ниет білдірген. Алайда әзірге бұл мүмкін емес.
“Көбіне әйелдер жазды, бірақ ер адамдар да баланы қамқоршылыққа алғысы келетінін немесе оны асырап алғысы келетінін айтады. Алайда бала жалғыз емес, оның ағасы бар. Сондықтан әкесін ата-ана құқығынан шектеу мәселесі толық шешілмейінше, қамқоршылық, патронат немесе асырап алу туралы туралы сөз қозғау мүмкін емес”, – дейді Павлодар облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шакенова.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі