Павлодарда 1-сынып оқушысы қолына ұстап отырған салют жарылып күйіп қалды
Павлодар ауданы Набережное ауылында бірінші сынып оқитын баланың қолындағы петарда жарылып, екі саусағы күйіп қалды.
Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.
“Бұл петарда бірнеше жыл сандықта жатқан. Қызым онымен сәл ғана ойнаған, соң ол өзінен өзі жарылып кеткен. Өйткені, баланың қолында оттық болған жоқ”, – дейді қыздың анасы Ольга Галета.
Оқиғадан кейін баланың ата-анасы ауылдық дәрігерлік амбулатрияға хабарласып, баланы бірден Павлодарға алып келген. Облыстық балалар ауруханасы дәрігерлерінің айтуынша, қыздың сол қолын химиялық күйік шалған. Алайда жарақаты жеңіл. Оған алғашқы хирургиялық емдеу жүргізілді. Жарақат алған қолына асептикалық таңғыш қолданылып, амбулаторлық емдеуге жолдама берілді. Айта кету керек, биыл мұндай оқиға алғаш рет орын алып отыр және соңғысы боларына сенеміз.
Талқылау