Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар тұрғыны жас қызды зорлап, артынша өлтіргенін 17 жылдан кейін мойындады  

Павлодар облысының тұрғыны кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлап, артынша өлтіргенін мойындады.

1503516026_dsc_0421

Павлодар соты Анатолий Хе-Денге қатысты жабық режимде үкім шығарды. Қазіргі таңда сотталушы қарақшылық шабуыл, ұрлық жасағаны және 1925 жылы туған Екібастұз тұрғынын өлтіргені үшін жазасын өтеп жатыр. Ол 2000 жылы Қалқаман ауылының 13 жастағы тұрғыны Екатерина Кецті зорлап, өлтіргенін мойындады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қыздың анасының айтуынша, қайғылы оқиға 2000 жылдың қыркүйегінде болған. Валентина Кец ол күндерді көзіне жас алып еске алады.

«Мен жұмыстан келгенде қызым үйде болмады. Үлкен балаларым Катя дүкенге кетіп, қайтып келмегенін айтты. Әкесі іздеуге шықты, мен де бірге бардым, кейін полицияға хабарластық. Полициядағылар үш күннен кейін ғана іс қозғайтынын айтты. Айналаның бәрін қарап шықтық, қызымыз табылмады. Сыртқан келген ер адам күдікке ілініп, тергеу жүргізілді. Алайда 2005 жылы іс тоқтатылды», – дейді қаза болған қыздың анасы.

Қамкөңіл ана қызы сол күні кешке қараусыз қалған үйден табылғанын жеткізді. Қызды асқан қатыгездікпен өлтірген.

Бүгін Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қадырбек Сатабаев Анатолий Хе-Денді түрмеде жазасын өтеп жатқанын ескеріп, 25 жылға бас бостандығынан айырды. 2013 жылы ол 19 жылға сотталған болатын.

Тағы да оқыңыз:

Алматы қаласынан 95 шақырым қашықтықта жер сілкінді

ОҚО-да жол апатынан 5 адам көз жұмды

Елімізде дінді желеу етіп балаларына екпе салдырудан бас тартқандарға айыппұл салынғбақ

Талқылау