Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар түрмесіндегі дзюдошының өліміне кінәлі түрме басшысы сотталды

Павлодарда танымал қазақстандық дзюдошы Бақытжан Әбдірақымовтың түрмедегі өліміне қатысты сот үкімі шықты.

Абақтының екі қызметкері шартты мерзім алса, мекеме басшысы қызметтік өкілін асыра пайдаланғаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Today.kz.

Сот үш күдіктіні де кінәлі деп таныды. Абақтының екі қызметкері Қайырбай Мұқанов пен Ержан Канкин марқұмды қинағандары үшін үш жылға шартты жаза алса, мекеме басшысы Ернұр Саспанов қызметтік өкілін асыра пайдаланғаны үшін төрт жылға жабылды.

Сондай-ақ әрбір жәбірленушіге абақты қызметкерлері 750 мың теңгеден айыппұл төлеуге міндеттелді.

Жәбірленуші тарап шартты жазамен келіспегендіктен, аппелляциялық шағым түсірмек.

“Біз қатты ызаланып тұрмыз.Төрешіге наразылық білдірдік, бірақ ол қабылдамады. Біз заңды-дәйекті шешім қабылданады деп ойлап едік, бірақ олай болмады. Түрмедегілердің бәрін қинайтын болады, осы үшін адамдар шартты жаза ала ма?” – деді қайтыс болған дзюдошының ағасы Бақытжан Әбдірақымов.

2016 жылдың 24 ақпанға қараған түнінде Павлодардағы АП-161/3 түрмесінде Қазақстанның дзюдодан бірнеше дүркін чемпионы, спорттың осы түрінен облыстық федерацияның вице-президенті Бақытжан Әбдірақымов қаза тапты. Түрме әкімшілігінің өкілдері спортшының туысқандарына Бақытжан Әбдірақымовтың терезені сындырып, тамағын шыны кесектерімен орып жібергенін, сосын төменге секіріп кеткенін айтты. Сотталушы оқиғадан кейін бірнеше уақыт тірі жатқан. Оны ауруханаға жеткізді, бірақ дәрігерлер оның өмірін аман сақтап қала алмады.

Дзюдошы Бақытжан Әбдірақымовтың өлімі дерегімен Павлодар түрмесінде “Өлімге дейін жеткізу” бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Бақытжан Әбдірақымовтың өзі түрме басшылығының біреуі соңынан түскенін айтқан. Марқұм 12 ақпанда жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арыз жазған. Бірақ марқұмның ағасы “әкімшілік бұл арызды қабылдамағанын” айтты.

2017 жылдың маусымында осы іске қатысты тыңдалым өтті. Сотталушы орындығына АП 162/3 түрмесінің екі қызметкері Қайырбай Мұқанов пен Ержан Канкин, сондай-ақ түзету мекемесінің бұрынғы басшысы Ернұр Саспанов келді.

Тағы да оқыңыз:

Бейнебақылау камерасы бойынша түскен айыппұлды қалайша жоюға болады

Қазақстанда көлікті бұдан былай 20 минут ішінде тіркеуге болады

Кәрім Мәсімов ҰҚК басшысы қызметіне келгелі алғаш рет селфиге түсті

Талқылау