Павлодар облысында танымал әкім ауыл тұрғынын балағаттағаны үшін айыппұл арқалады
Фото: gov.kz
Павлодар облысында ауыл әкімі полиция қызметкерлері ұстаған 18 жастағы жігітті балағаттаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралып, әкім полиция бөлімшесіндегі әрекетіне қатысты түсініктеме берді.
Бұған дейін Успен ауданының соты Новопокровка ауылдық округінің әкімі Вячеслав Симоненконың әрекетін ұсақ бұзақылық деп танып, 55 мың теңге айыппұл салғаны анықталды. Сонымен қатар аудан әкімінің атына жеке қаулы шығарылып, қаулыда ауыл әкімінің мемлекеттік қызметкердің әдеп кодексін бұзғаны көрсетілген.
Ауыл әкімінің айтуынша, жаз мезгілінде жасөспірімдер мен жастар қосылып, ауыл ішінде мотоциклмен жүріп, қатты дыбыс шығарған. Тұрғындар мотордың дыбысына бірнеше рет шағымданыпты. Тамыз айында полиция рейд жүргізіп, төрт мотоциклшіні ұстаған, ал біреуі тек екі күннен кейін ұсталыпты. Ұсталған азамат полиция бөлімшесіне жеткізіліп, сол жерге әкім де шақырылған.
Жиналыста жұмысшыларын балағаттаған Қазақстан темір жолындағы басшының қызметі өсті
Шығыс Қазақстандағы ауыл әкімі тұрғындармен сөзге келіп, балағаттаған (видео)
“Бейнебақылау камералары жазбалары оның кінәсін дәлелдеді, бірақ жас жігіт мойындамады. Ол құқықбұзушылық жасамағанын айтты, сол сәтте мен эмоционалды түрде азаматқа орынсыз сөз айттым, бұл үшін қатты өкінемін”, – деді әкім Вячеслав Симоненко.
Кеңес мүшелері Симоненконың әрекеттерін орынсыз деп бағалап, Успен ауданы әкімдігіне ауыл әкіміне сөгіс жариялауды ұсынды.
Айта кетейік, Павлодар облысы Успен ауданының Новопокровка ауылдық округінің әкімі Вячеслав Симоненко 2022 жылы “Үздік ауыл әкімі” байқауында екінші орын алған екен.
Еске салсақ, бұған дейін ШҚО-да тұрғындарды балағаттаған ауыл әкімі айыппұл арқалаған еді.

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
