Павлодар облысында оқушылар автобусы өртеніп кетті
Павлодар облысында тас жолда мектеп оқушылары мінген автобус өртеніп кетті. Оқиға кезінде салонда 6 бала болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 23 желтоқсанда күндіз Павлодар облысының Ефремовка және Даниловка ауылдары арасындағы тас жолда болған.
"Ашық алаңда 2007 жылғы "ГАЗель" автокөлігі толығымен жанып кетті. Өрт аумағы 8 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 6 бала жүргізушінің сүйемелдеуімен өз бетінше эвакуацияланды", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. айтты.
Олар көліктегі өрт сөндіргіштің пайдаланылмағанын да түсіндірді.
"Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр сымдарындағы қысқа тұйықталу себеп болған", - деп атап өтті Павлодар облысы Төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі.
Мектеп оқушыларының ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі