Павлодар облысында көпбалалы отбасының үйі өртеніп, екі бала қаза тапты

Павлодар облысының Ертіс ауылында жеке тұрғын үйден өрт шығып, екі кәмелетке толмаған бала көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өрт туралы хабар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің "101" қызметіне бүгін сағат 8:33-те түскен. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына 8:36-да жеткен.
Осы сәтте үйді толықтай от шарпыған. Жиһаз, тұрмыстық заттар мен шатыр жанып, қою түтін байқалған.
"Жағдайдың күрделілігіне қарамастан, өрт сөндірушілер алғашқы минуттардан бастап зардап шеккендерді іздеуге кірісті. Үш кәмелетке толмаған бала құтқарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Тағы бір бала өрт сөндірушілер келгенге дейін құтқарылған. Алайда, өкінішке қарай, екі кәмелетке толмаған бала ауруханада көз жұмды", – деп хабарлады Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт 50 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты