Павлодар облысында 50 жолаушысы бар автобус аударылып кетті
Фото: Павлодар облыстық полиция департаменті
Павлодар облысында ішінде 50 жолаушысы бар автобус аударылып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға Шідерті – Астана тас жолында болған.
Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы алтауы түрлі жарақат алған. Зардап шеккендердің бір бөлігі ауруханаға жеткізілді.
Фото: Павлодар облыстық ПД
“Жедел жәрдем қызметіне Шідерті – Астана тас жолында автобус аударылғаны туралы хабар келіп түсті. Шамамен 50 жолаушы болған. Зардап шеккендер бар. Оқиға орнына бес жедел жәрдем бригадасы мен Төтенше медицина орталығының тобы жіберілді”, – делінген облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының хабарламасында.
Азия чемпионатынан жеңіспен қайтып келе жатқан үш қазақстандық студент жол апатынан қаза тапты
Қазақстан жол апатынан қаза тапқандар саны бойынша әлемде алғашқы үштікке кірді
Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сүйенсек, автобус апатына байланысты тасжолда бірнеше шақырымдық кептеліс пайда болған. Сонымен қатар боран, қатты жел және жолдың көрінбеуіне байланысты Павлодар облысында 7 қараша сағат 20:00-ден бастап барлық бағыттарда барлық көлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.
Павлодар облыстық полиция департаменті жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Еске салсақ, бұған дейін ШҚО-да ірі жол апаты болып, 5 адам қаза тапқаны туралы жазған едік.
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?