Павлодар облысында алаяқтарға алданған әжені құтқарған такси жүргізушісіне қол сағат пен алғыс хат берілді

Фото: Павлодар облыстық ПД
Павлодар облысында зейнеткерді алаяқтықтан құтқарған қырағы такси жүргізушісі марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов Алексей Бортовойға қырағылығы мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін сертификат пен ведомстволық қол сағатын табыстады
"Сіздің қырағылығыңыздың арқасында біз ірі көлемдегі алаяқтықтың алдын алып, ақшаны зейнеткерге қайтара алдық. Бұл әрекет ата-анасының жақсы тәрбиесінің нәтижесі болды, олар ұлдарына патриотизм сезімін және басқаларға жанашырлық танытуды сіңірді", – деп атап өтті Нұрсейітов.
22 желтоқсан кешке такси жүргізушісі алаяқтықтың құрбаны бола жаздаған зейнеткерді полиция бөлімшесіне алып келді.
"Кешке маған тапсырыс берілді. Жеткізу ақысы тым жоғары болды. Сөйтсем егде жастағы әже екен. Мен одан не жіберіп жатқанын және кімге жіберіп жатқанын сұрадым, бірақ ол шатасып қалды”, – деді Алексей Бортовой.
Сөзінше, ол бірдеңе дұрыс емес екенін сезіп, зейнеткерді полиция бөлімшесіне апарған. Сонда әже расымен 8,5 миллион теңгені алаяқтарға бермек болғаны анықталды.
Полиция тұрғындарды өте сақ болуға шақырады, ешбір мемлекеттік орган ақшаны "сақтау үшін" ақша алмайды немесе курьер жібермейді.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді