Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында әкімнің орынбасары жетімге тиесілі пәтерде тұрып келген

Фотода Роза Ақанова/Павлодар облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жетім балаға тиесілі пәтерде тұрған ауданы әкімінінің орынбасарына қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Журналист Павлодар облысында басшылық Ертіс ауданы әкімінің жаңадан тағайындалған орынбасары Роза Ақанова жетім балаға тиесілі пәтерде тұрғанын, пәтерді Ертіс аудандық экономика бөлімінің нақты секторының басшысы бергені анықталғанын айтып, оған қандай тәртіптік жаза тағайындалғанын сұрады.

“Бұл оқиға жыл басында болған. Пәтерді заңсыз берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды. Қатаң сөгіс жарияланды. Ол кісі пәтерден шығарылып, пәтер кезекте тұрған мұқтаж адамға берілді”, – деді әкім.


 


Бұған дейін Павлодар облысында басшылық Ертіс ауданы әкімінің жаңадан тағайындалған орынбасарына жетім балаға тиесілі пәтерді беру туралы шешім қабылдағаны хабарланған еді.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері заңға сәйкес әрекет ету керегін, алайда әкім орынбасарының пәтерде көп тұрмайтынын ескеріп, осыған байланысты лауазымды тұлғаға қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынған.

Рая Мінәп
Жұма, 19 Желтоқсан, 2025 14:16
^ "https://stan.kz/download/uploads/2025/12/full_1766135457324539db65849f8636477883c8d00b94_webp.webp"
^ null