Қазақстандық әйел жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Павлодар облысында 23 жастағы әйел жаңа туған сәбиін сатпақ болған. Ол сауданы жүктілігінің соңғы айында желі арқылы жүргізген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 23 жастағы Түркістан облысының тұрғыны жүктіліктің соңғы айларында әлеуметтік желілер арқылы сатып алушылар іздеген.
"Туғаннан кейін әйел үш күндік сәбиін ақшалай сыйақыға беруге тырысқан сәтте ұсталды", – делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдары күдіктіні анықтап, қылмыстық ниетті тіркеп, ұстап, ауыр салдардың алдын алған.
-
"Көлікпен ұрлап кетіп зорлаған": Қызылордада 16 жастағы қыз босанды
-
Ақтауда бухгалтер жүкті әйелдерді пайдаланып мемлекеттен 146 миллион теңге жымқырған
“Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Жаңа туған қыз бала дәрігерлер бақылауында. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр”, – делінген хабарламада.