Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар әкімінің орынбасарына дүкендегі картоптың түрі ұнамай қалды

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Қасеновке «Арзандау» әлеуметтік дүкеніндегі картоптың түрі ұнамай қалды.

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Өңір басшысының орынбасары әлеуметтік дүкендерге ат басын бұрып, журналистермен бірге азық-түлік бағаларын қарап шықты.

«Маған дүкендегі картоп ұнамады. Картоп жаман емес, бірақ мен бұдан да сапалы болғанын қалаймын. Жеткізушілер тауарды нарықтық және әлеуметтік деп бөлмеуі керек. Бұл жағдайға бағаның айырмашылығы әсер етіп отыр. Біз арзан бағаға қоятын болсақ, тауардың сапасы да төмендейді. Сондықтан өте төмен қойдыра алмаймыз. Бұл іспен ауыл шаруашылығы басқармасы жұмыс жасайтын болады. Картоптың сапасы нашар болса, тауар кері қайтарылады», – деді Бауыржан Қасенов.

Сонымен қатар, Бауыржан Қасенов әкімдікпен меморандум жасаған шаруашылықтарға арнайы БАҚ өкілдерімен баруды ұсынды. Жұмысты жақсы істеп жатқан және меморандум шартын орындамаған, бағаны өзгертіп жатқан кәсіпкерлерді анықтау қажет екенін атап өтті.

«Халық жақсы және нашар жұмыс істеп жатқандарды білуі керек. Сол жерде шаруа иелері неге олар өз халқына сапасы төмен өнімді өткізіп отырғанын түсіндірсін. Көршілері, достары, әріптестері, таныстары көрсін. Қазіргі кезде дәл сондай шаруа қожалықтары бар. Мысал ретінде сапасы төмен тауар жеткізген ақсулық «Уванова» жеке кәсіпкерлігін айтуға болады», – дейді әкімнің орынбасары.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Марат Шұғаевтың айтуынша, меморандумға сәйкес ақпан айынан бастап картоптың бағалары 100 теңгеден аспауы керек.

«Ақпанға дейін 70 теңге болса, ақпаннан кейін бағаны көтеру келісілген. Енді осы баға сақталады. Қорда әлі 8 мың тонна картоп бар. Соңғы кезде шаршуашылықтар сапасы төмен картоптар әкелуде. Онымен айналысатын боламыз»,- деді Марат Шұғаев.

Оқи отырыңыз:

Біріккен Араб Әмірліктері: Визасыз тәртіп жөнінде не білу керек?

Қорқыт ата Әзірбайжанда шығарылатын комикс кейіпкеріне айналады

13 жастағы бала Қазақстандағы ең үздік бүркітші атанды

ШҚО-да түлектердің бірі мектебіне 1 миллион теңгеге жабдықтар алып берді

Талқылау