Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қонақүйге апарып, есірткі берген: Павлодарда 11 жастағы қызды зорлаған жаттықтырушы өмір бойына сотталды

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты балалар футбол клубының 31 жастағы бапкеріне қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: iStock.com

Күдіктіге "кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты зорлық-зомбылықпен сексуалдық әрекеттер жасау" және "кәмелетке толмаған адамға күш қолдану арқылы есірткі қолдануға мәжбүрлеу" баптары бойынша айып тағылған. Сот жабық есік жағдайында өтті.

Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сотталушы жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтейді.

Соттың мәліметінше, зорлық-зомбылық құрбаны 11 жастағы мектеп оқушысы болып шықты. Қылмыс 2024 жылдың 1 қыркүйегінде болған.



"Сотталушы К алдау арқылы 2013 жылы туған кәмелетке толмаған қызды қонақүйге әкеліп, оны қонақүй әкімшісіне өзінің қарындасы ретінде таныстырып, бір бөлмеге орналасып, одан кейін сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Барлық дәлелдер бар. Олардың баламен бірге кіріп, кейін шығып бара жатқаны түсірілген видеолар бар. Сондықтан сотта бұл қылмысты күдіктінің жасағанына еш күмән болған жоқ", – деді судья. 

Еске салсақ, 2024 жылдың 2 қыркүйегінде Павлодарда мектеп оқушысын зорлады деген күдікпен футбол жаттықтырушысы ұсталғаны туралы жазған едік. 

Талқылау