Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павел Дуров Қазақстанда заңды қалай бұзғанын көрсеткен видео жариялады

дуровВидеодан скрин

"ВКонтакте" әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Алматы облысындағы Көлсай көліне шомылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ол суға түскен сәтін Telegram-арнасындағы стористе жариялады. Видеода Дуровтың мөлдір, суық суға кіріп бара жатқаны көрінеді. Видеоға "Тамаша жүздім" деп қысқа ғана жазба қосқан. 

Алайда бұл видеодан кейін әлеуметтік желі қолданушылары" Көлсайда шомылуға рұқсат рұқсат беріле ме, бұл үшін айыппұл салынбай ма" деген сұрақтар қойып жатыр.

"Көлсай көлдерінде шомылуға тыйым салынған. Бұл – әкімшілік құқықбұзушылық болып есептеледі. Көлге барлық келушілерге жүзуге тыйым салыған. Тек арнайы белгіленген жерлерде ғана суға кіруге рұқсат етіледі. Ал қалған аймақтарда, әсіресе суық мезгілде суға түсу — қолданыстағы ережелерді бұзу болып есептеледі. Ереже бұзғаны үшін салынатын айыппұл — 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 39 320 теңге", - делінген Ұлттық парктің жауабында.

Павел Дуров Көлсайға Астанада өткен Digital Bridge 2025 форумына қатысқаннан кейін келген секілді. Еске салайық, ол форумға қонақ ретінде шақырылған болатын.

Форумда Павел Дуров Қазақстанда жасанды интеллект (AI) зертханасын ашатынын мәлімдеген болатын.

Көлсай көлдері — Солтүстік Тянь-Шаньдағы, Көлсай өзеніндегі, Күнгей Алатауы мен Іле Алатауын жалғайтын бөгеттегі үш көл жүйесі. Көлдер жүйесі теңіз деңгейінен 1800, 2250 және 2700 метр биіктікте орналасқан. Көлдер Қазақстанның Алматы облысы Кеген ауданының аумағында орналасқан және Қырғызстанмен шекарадан солтүстікке қарай 10 км, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 330 км жерде орналасқан. Бұл жер туристер арасында өте танымал. Көл суы жазда да өте суық, температурасы 15°C-тан жоғары көтерілмейді.
 

STAN.KZ
Сейсенбі, 07 Қазан, 2025 15:42
Талқылау