Павел Дуров 17 миллиард долларлық мұрасын 100-ден астам баласына қалдырмақ
Фото: Павел Дуровтың желідегі парақшасынан
Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров өзінің өсиет жазып қойғанын мәлімдеді. 17 миллиард долларлық мұрасына 100-ден астам баласы ие болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Дуровтың байлығы 17,1 миллиард долларға (8 триллион 874 миллиард теңге) бағаланады. Егер ол қайтыс болса, бұл қаражат оның балалары арасында бөлінбек. Алтауы табиғи жолмен дүниеге келген, ал жүзден астамы шәует донорлығы арқылы өмірге келген.
Францияның Le Point басылымына берген сұхбатында кәсіпкер шәует доноры болып жүргеніне 15 жыл болғанын айтты. Оның айтуынша, бәрі досына көмектескісі келген ниеттен басталған. Қазіргі кезде әлемнің 12 елінде оның донорлық материалы арқылы 100-ден астам бала дүниеге келген.
"Балаларымды бөліп-жармаймын. Олардың бәрі – балаларым. Бәрінің құқығы тең", – деді Дуров.
Ол әр бала мұрадан тең үлес алатынын нақтылады. Егер 106 мұрагер болса, әрқайсысына шамамен 160 миллион доллардан тиесілі болмақ.
Сонымен қатар миллиардер балалары бұл қаражатқа 30 жылдан кейін ғана қол жеткізе алатынын айтты. Бұл шешімі арқылы ол “балаларының жай өмір сүріп, өз жолын тапқанын және банктегі есепшотқа тәуелді болмағанын қалайды.
Дуров өсиеті Telegram компаниясын қорғауға да бағытталғанын айтты. Ол компания тәуелсіздігін сақтап, еркіндік қағидаттарына адал болғанын қалайды. Telegram-ның нарықтағы бағасы 30 миллиард долларға дейін жетеді.
"Махаббат болмаса бесінші баласы кімнен": Қайрат Нұртастың отбасы туралы жазбасы қызу талқыға түсті
Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ
Еске салайық, бұған дейін әйгілі мультимиллиардер Билл Гейст байлығын балаларына мұра етіп қалдырмайтынын айтты. Таяуда Гейтс үндістандық танымал блогер Радж Шаманиге сұхбат берді. Әңгіме барысында әртүрлі дәстүрлер талқыланды. Шамани Үндістанда ата-аналар балалар үшін мүмкіндігінше көп ақша жинауға тырысатынын және қайырымдылыққа сирек қаражат бөлетінін айтты. Бұған жауап ретінде Гейтс өзінің мұрасының басым бөлігін балаларынан аяйтынын жеткізді.

"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады
