Украина ресейлік аэродромдарға дронмен соққы жасады: Шығын 7 миллиард доллар деп бағаланды
Фото: Видеодан скрин
Украина қауіпсіздік қызметі укариналық ұшқышсыз ұшақтармен Ресейдің бірнеше әскери аэродромына соққы жасады. Соғыс басталғалы бері бұл ең жойқын шабуыл болды. Салдарынан 40 ұшақ зақымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Ресейдің қорғаныс министрлігі шабуыл болғанын растады. Сондай-ақ бірнеше әуе техникасының отқа оранғанын мәлімдеді. Алайда ресми деректерде зақым көлемі туралы толық ақпарат берілген жоқ.
Украина қауіпсіздік қызметінің дерегінде зақымданған 40 ұшақтың қатарында А-50, Ту-95 және Ту-22М3 сияқты стратегиялық маңызы бар әуе кемелері бар.
Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, дрондар елдің бес аймағындағы әскери аэродромдарға шабуыл жасаған. Атап айтқанда, Мурманск, Иркутск, Иваново, Рязань және Амур облыстарында. Министрлік бұл шабуылдарды "Киев режимінің терактісі" деп атады.
Ресми деректерге сәйкес, Иваново, Рязань және Амур облыстарындағы әскери аэродромдарда барлық шабуылдарда сәтті тойтарыс берілді. Алайда басқа аймақтардағы, әсіресе, Мурманск пен Иркутск облыстарындағы жағдай туралы нақты дерек жоқ.
"Өрт сөндірілді. Әскери қызметкерлер мен бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ", – деп мәлімдеді әскери департамент. Сондай-ақ шабуыл жасағандардың кейбірі ұсталғанын хабарлады.
Украина Қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, украин дрондарының Ресейдегі әскери авиабазаларға жасаған шабуылы нәтижесінде құрылымдық қанатты зымырандар тасымалдайтын стратегиялық авиацияның 34%-ы зақымданған.
"Бүгін Украина Қауіпсіздік қызметінің "Паутина" арнайы операциясының нәтижесінде зақымданған жау стратегиялық авиациясының шығыны шамамен 7 миллиард АҚШ доллары", — деп жазылған.
Кей деректерге сәйкес, дрондар Ресей аумағынан ұшырылған — олар жүк көліктерінен ұшып шыққан. Украина Қауіпсіздік қызметінің дереккөзі шабуыл жасалған нысаналы аэродромдарды атады:
-
"Оленья" (Мурманск облысы)
-
"Белая" (Иркутск облысы)
-
"Иваново" (Иваново облысы)
-
"Дягилево" (Рязань облысы)
Алдын ала мәлімет бойынша, Мурманск облысындағы дрондар шыққан жүк көлігінің жүргізушісі ұсталып, тергеліп жатыр.
УҚҚ мәліметінше, төрт ресейлік авиабазаға жасалған шабуыл нәтижесінде Ресейдің стратегиялық авиациясына тиесілі 41 ұшақ зақымданған. Ресей билігі дрондардың кемінде екі авиабазаның маңына шабуыл жасағанын растады. Алайда шығынға қатысты ақпарат бермеді.Украина Қауіпсіздік қызметінің дерегінше, бұл арнайы операцияны дайындауға бір жарым жылдан астам уақыт кеткен. Ал операцияның өзі Украина президенті Владимир Зеленскийдің тікелей бақылауымен өткен. Іс-шараны Украина Қауіпсіздік қызметінің басшысы Василий Малюк пен арнайы қызмет өкілдері жүзеге асырған.
Сондай-ақ УҚҚ өкілі украин дрондарының авиабазаларға жақын жерге келген жүк көліктерінен ұшырылғанын растады. Бұл тәсіл дрондардың алыс нысандарға жасырын және дәл соққы жасау мүмкіндігін айтарлықтай арттырғанын көрсетеді.
Украина президенті Владимир Зеленский кешкі үндеуінде қауіпсіздік қызметі ұйымдастырған арнайы операция туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
“Ең қызығы, қазір мұны жария етуге болады. Операциямыздың "кеңсесі" Ресейдің бір облысындағы ФСБ басқармасына жақын жерде орналасқан. Операция кезінде барлығы 117 дрон қолданылды. Авиабазаларда орналасқан қанатты зымырандарды тасымалдайтын стратегиялық ұшақтардың 34%-ы жойылды. Украинаның арнайы қызмет өкілдері Ресейдің әртүрлі аймақтарында, яғни үш уақыт белдеуінде әрекет етті. Бұл – керемет нәтиже. Әрине, бәрін ашық айта алмаймыз, бірақ бұл украиналық операция тарих оқулықтарына енетіні сөзсіз. Операцияға қатысқан адамдарымызды Ресей аумағынан дер кезінде алып шықтық", — деді Зеленский.
Ukrainian SBU security service sources tell @FT the agency is conducting "a large-scale special operation to destroy enemy bomber aircraft" deep inside Russia.
— Christopher Miller (@ChristopherJM) June 1, 2025
"SBU drones are targeting aircraft that bomb Ukrainian cities every night. At this point, more than 40 aircraft have… pic.twitter.com/a3YwQB8ZC5

Биыл қай салаға қанша грант бөлінді: Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар аталды
