"Пәтерімнен қуып шықты": Қызылорда тұрғыны TikTok желісіндегі қалжыңы үшін жауапқа тартылды (видео)
Қызылордалық келіншек жалға алу бағасы көтерілгендіктен пәтерден шығып қалғаны туралы ТikTоk-тағы "әзілі" үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда қаласының 26 жастағы тұрғыны отбасымен табиғатқа шығып, "500 мың төлемесеңдер пәтерді босатыңдар деген соң каналда түнеп жатырмыз" деген TikTok-та видео жариялады.
Бейнежазба бойынша полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде постағы мәлімет шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат бергені анықталды. Ол өзінің жеке үйінде отбасымен бірге тұратын болып шықты.
Бір сәтте мыңдаған адамдардың назарын аударған жас әйел бұл қарапайым әзіл екенін айтады. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы "арнайы қызметтерді жалған шақыру" әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұл салынды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"