"Пәтерге алдап шақырған": Қызылордада 21 жастағы қыз өзін Антикор және ҰҚК қызметкерлері зорлағанын айтып шағымданды
Қызылорданың 21 жастағы Малика есімді тұрғыны өзін Антикор және ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметркерлері пәтерге алдап шақырып, зорлағанын айтып шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ztb News телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеодан скрин
Жәбірленуші қыздың айтуынша, ол досына қонаққа барған кезде Дарын есімді бейтаныс жігітпен танысқан. Әңгіме барысында Малика бала кезінен полицияда жұмыс істеуді армандағанын айтқан. Осы кезде Дарын "Антикорда" өзінің жұмыс істейтінін айтып, қызметтік куәлігі мен формасын көрсеткен. Желтоқсан айында Дарын Маликаны үйіне шақырып, жұмысқа орналастыру мәселесін талқылайтынын айтқан. Сондай-ақ Дарын пәтерде ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері Ержан есімді ағасының болатынын ескерткен.
"Мен олардың үйіне келдім. Олар екеу болды. Екіншісінің аты Ержан, Дарынның туысы. Мен келгенде шарап ашылған еді. Олар менің не ішетінімді алдын ала сұрап, әңгіме барысында шараптың дәмі туралы сұрақтар қоя берді. Екеуі үнемі сыбырласып, асүйге кіріп жүрді. Сосын олар маған алма жеуді ұсынды, алманы жедім, содан кейін ештеңе есімде жоқ. Мен өзіме келгенде жатын бөлмеде төсекте жатқанымды және біреу менімен жыныстық қатынасқа түсіп жатқанын сездім", – дейді Малика.
-
“Отбасыңды өлтіреміз деген”: Қызылордада жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болған 16 жастағы қыздың анасы тың деректерді бөлісті
-
Антикор қызметкері Қытайдан келген қандастан 10 миллион теңге талап етіп, бопсалаған
Ер адамның дауысынан оның Ержан екенін білген. Қыз кейін есін жиып, оларды “мені зорладыңдар” деп айыптай бастағанда, Дарын тағылған айыптарды жоққа шығарған.
"Бірінші сот отырысы өтті. Енді екінші отырысты күтіп отырмыз. Сот-медициналық сараптамадан өттім. Мен әділдікке жеткім келеді. Бұл жігіттер менімен жыныстық қатынаста болғанын мойындап отыр. Бірақ өзара келісім бойынша дейді. Дәл қазір менің қандай күйде екенімді айтып жеткізу мүмкін емес. Адамның тағдыры ойыншық емес, әсіресе қыздың тағдыры", – дейді жәбірленуші.
Сондай-ақ бойжеткен полицияға арыз жазған соң үйіне белгісіз біреулер келіп, есікті ұрып, балағаттап кеткенін айтады. Малика заңгерлік көмек сұрап адвокаттарға жүгінген.
"Ол өзіне алма бергендерін айтады, содан кейін Малика ауырып қалған. Бірақ одан әлі күнге дейін есірткі заттарын немесе басқа да препараттарды, химиялық заттарды және т.б. анықтау үшін қан алынбаған. Біз дәлелдер бұрмаланып кете ме деп қорқамыз. Бұл жігіттер әлі бостандықта жүр. Тергеу кезінде тергеу соты да болмады, олар қамауға алынбады", – дейді заңгер Азамат Марат.
Ал Антикор өз қызметкерлерінің зорлау ісіне қатысы бар деген ақпаратты жоққа шығарды
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қыз зорлады деген күдікке ілінгендердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері емес екенін хабарлайды”, – делінген ресми хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда бір топ ер адамның жаттықтырушы қызды көлікке күштеп отырғызып, зорлағаны туралы жазған едік. Оқиғадан кейін жәбірленуші қыз өзіне қол жұмсаған.