Парвиз Назаров қызының бірнеше бейнебаян түсіріп бергенін айтып мақтанды
Парвиз Назаров ұл-қыздарының барлық бастамасын қолдап, қызығушылық танытып отырады екен. Әнші бүгінде үш баланың әкесі. Ол балаларының шығармашылыққа жақын екендерін айтып мақтанды.
Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.
«Менің балаларымның барлығы да шығармашылыққа жақын. Қызым Несу ән айтқанды жақсы көреді. Ол менің көптеген жобам мен бейнебаяныма түскен болатын. Тіпті, 4-5 бейнебаянымда екінші оператордың рөлін атқарды. Біз адам аяқ баспайтын аралға барып бес күн бойы бірге бейнебаян түсірдік. Өлең «Шуақты күндер» деп аталады.
Үлкен ұлым 29 жаста. Әлі күнге дейін отбасын құрмады. Мен оған «Тезірек үйлен. Әйтпесе, саған көк көзді қыз өзім тауып беремін» деп айттым. Ол келісті. Ата болуға дайынмын. Менен жас достарым ата атанып үлгерді. Олардың жолы болды десем де болады. Шал болған шағымда немере сүйгім келмейді. Көзім тірі кезде немерелеріме көп өсиет қалдырғым келеді», – дейді Парвиз мырза.
Жіберіп алмаңыз:
Айгүл Бабаеваның қызы: Бала тыйымды түсініп, өз орнын білуі керек
Жұрт Айнұр Тұрсынбаева мен Алтынай Жорабаеваның ұлттық киіміне таңдай қақты (фото)