Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Парсы шығанағында танкерлер жиналды: Мұнай бағасы өсіп жатыр

Парсы шығанағында танкерлер жиналды: Мұнай бағасы өсіп жатыр Фото: AP Photo/ File

Парсы шығанағында мыңға жуық, ал Ормуз бұғазында жүздеген мұнай танкерлері жиналды. Сарапшылар егер бұғаз жақын арада ашылмаса, мұнай бағасы 100 долларға, ал бензин бағасы галлонына 4 долларға жететінін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мұнай трейдерлері Ормуз бұғазы арқылы кемелердің іс жүзінде өтпей қалғанына қатты алаңдаулы. Бұл әлемдегі ең маңызды мұнай дәлізі болып саналады.

Clarksons компаниясының есептеуінше, Парсы шығанағы аймағында шамамен 3200 кеме орналасқан.

Егер Ормуз бұғазы жақын арада ашылмаса, сарапшылардың айтуынша, мұнай бағасы баррельіне 100 долларға дейін жетіп, одан да жоғарылауы мүмкін. Олар бағаның осылай өзгеруі үшін, ең алдымен, Ормуз бұғазының ұзақ мерзімді блокадасы қажет болуы мүмкін екенін және бұл бірнеше аптаға созылуы ықтимал екенін ескертті.

АҚШ-та сейсенбіде жанармай бағасы 3,11 долларға дейін жетті.

Әлемдік қор нарығы Таяу Шығыстан энергия тасымалындағы кедергілерге байланысты құлдырады. Сейсенбіде мұнай бағасы шамамен 8%-ға өсті, баррельге 83 доллардан асты. Бұл 2024 жылдың шілдесінен бергі ең жоғары деңгей. Жұма күннен бері өсім 15%-дан асты, ал Еуропада табиғи газдың көтерме бағасы 40%-ға өсті.

Күні кеше Трамп мұнай бағасының ұзақ уақыт өсіп тұрмайтынын, ал әскери қимылдар аяқталғаннан кейін бағалардың  бұрынғыдан да төмендейтінін деп мәлімдеді.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 04 Наурыз, 2026 09:32