Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Париждегі паралимпиада ойындарына ту ұстап шығатын спортшы анықталды

Париждегі паралимпиада ойындарында Қазақстанның туын ұстайтын спортшы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

28 тамыз күні Парижде паралимпиада ойындары бастау алады. Байрақты бәсекеде бақ сынайтын қазақстандық спортшылардың ішінде еліміздің туын ұстап шығатын спортшы белгілі болды. Париждегі паралимпиада ойындарында Қазақстанның туын мылтық атудан сынға түсетін Севда Алиева ұстап шығады. Ол 10 метрлік P2 пневматикалық тапаншамен ату дисциплинасында өнер көрсетеді. Отандасымыз Халықаралық Паралимпиада комитетінің шешімімен паралимпиада лицензиясына ие болған. Сондай-ақ ол арбада билеуден әлем чемпионы атанған.

Айта кетейік, бұған дейін жеңіл атлетикадан Париждегі паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болғанын жазған едік. 

 

Даурен Түлкібай
Жұма, 16 Тамыз, 2024 11:53
Талқылау
`