Парижде сүйіктісіне сөз салған қазақстандық жігіт сақинасын өзенге түсіріп алған
Видеодан скрин
Парижде сүйіктісіне сөз салған қазақстандық жігіт сақинасын өзенге түсіріп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан Париждің Сена өзенінің жағалауындағы романтикалық ұсыныс кезінде сақина салынған қорап жігіттің қолынан шығып, суға түсіп кеткенін көруге болады.
Жігіттің достарының бірі ойланбастан өзенге секіріп, сақинаны шығарып алған. Жас жігіт ұсынысты қайта жасап, қалыңдық "иә" деп жауап береді.
Желі қолданушылары ойланбастан суға түсіп, романтикалық ұсынысты құтқарып қалған жігіттің әрекетіне тәнті болды.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық әйелдің 6 жасар ұлы анасының гауһартасты сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жібергені туралы жазған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген