Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Парижде Шешенстанның тумасы көшедегілерге пышақпен шабуылдап, бір адамды өлтірді

Сенбі күні кешкілік Париж қаласының орталығында қолына пышақ ұстаған 20 жастағы Шешенстанның тумасы көшедегі адамдарға шабуылдаған. Нәтижесінде сегіз адам жарақаттанып, бір азамат көз жұмды. Ал, қылмыскердің өзін патрульдік полиция қызметкері атып өлтірді.

Парижде Шешенстанның тумасы көшедегілерге пышақпен шабуылдап, бір адамды өлтірді

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Құқық қорғау органдары 12 мамырда кешкі уақытта Париждің орталығында көшедегі адамдарға шабуылдаған жас жігіттің ата-анасын қамауға алды.

«Қанды-қырғын ұйымдастырған шабуылдаушының аты-жөні анықталды, сондай-ақ оның ата-анасы қамау алынды», – деп атап өтті радиостанция.

Бұдан басқа, шабуылдаушының лаңкестердің күдіктілер тізіміне кірмегені және арнайы қызметтерге қатысты болмағаны туралы хабарланды. Алайда, тергеушілер ер адамның сыбайластары болуы мүмкін деген пікірді жоққа шығармады.

Айта кетейік, оқиға Париждің Опера метростансасының маңындағы екінші ауданда сағат 21.00-де орын алған. Жас жігіт көптеген барлар мен мейрамханалар орналасқан жерде қолына пышақ ұстап, алдынан шыққан адамдарға шабуылдаған. Нәтижесінде бір адам қайтыс болып, сегіз азамат зардап шеккен. Олардың екеуі ауыр жарақат алып, аурухана жеткізілді. Ал, қылмыскердің өзін патрульдік полиция қызметкері атып өлтірді.

Тағы оқыңыз:

Қолы жоқ жігіт тағдырға қарсы тұрып, атақты суретші болды (фото, видео)

Рим папасының ламборджиниі аукционда 715 мың еуроға сатылды

Дәурен Елеусінов АҚШ-та өткен жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа құлатты

Израильдық әнші «Евровидение-2018» байқауының жеңімпазы атанды

Талқылау