Париж Олимпидасының жүлдегерлеріне тегін білім гранттары берілді
Париж Олимпидасының жүлдегерлеріне тегін білім гранттары берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Париж Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Демеу Жадраев, Нариман Құрбанов және қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа спорт және туризм академиясының оқу гранттары берілген.
Ақпаратты академия өкілдері растады.
“Демеу Жадраевқа докторантурада, Нариман Құрбанов пен Ғұсман Қырғызбаевқа магистратурада тегін білім алуға мүмкіндік беретін академия гранты табысталды”, – делінген хабарламада.
Спорт және туризм академиясының желідегі парақшасында спортшыларға оқу гранттарын салтанатты түрде табыстау сәтінің видеосы жарияланды.
Еске салсақ, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездескен еді.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді