Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов қашан үйленетінін айтты
Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов пен оның қалыңдығы үйлену тойын қыркүйекке жоспарлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Offside.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Instagram.com/1tvkz
Нариман Құрбанов гимнаст Аида Бауыржановамен отау құрмақ. Құрбанов Олимпиададағы жетістігінен кейін өмірін жаңа тарауға арнағысы келетінін отырғанын атап өтті.
"Қыркүйек – бір-бірімізге көбірек көңіл бөліп, өміріміздің жаңа тарауын бастайтын уақыт", – деді спортшы.
Нариман Аидамен қарым-қатынасы 2018 жылы жаттығу кезінде басталғанын айтты. Содан бері олар бір-бірінен ажырамай, спорт шыңдарын бірге бағындырып жүрген.
"Аида екеуміз 2018 жылы таныстық, содан бері ажырамадық. Менің сүйіктім Аида да гимнаст, біз бірге спорт әлемінде шыңдарды бағындырамыз", – деді гимнаст.
Айта кетейік, қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов “Париж 2024” Олимпиадасының күміс жүлдесін жеңіп алған еді. Бірінші орынды ирландиялық Рис МакЛенаган 15,533 ұпаймен алды. Ал үшінші орында АҚШ-тан келген Стивен Недорощик 15,300 ұпаймен иеленді.