Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Париж олимпиадасының қола жүлдегері атанған Александра жекелей сында жеңіліс тапты

 Ислам Сәтпаевпен аралас командалық жарыста Париж олимпиадасының қола жүлдегері атанған Александра Ле жекелей сында жеңіліске ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҰОК

Нысана көздеуден жекелей сында Париждегі жазғы олимпиада ойындарының финалына өткен Александра Ле үздіктер қатарынан көріне алмады. 10 метрге пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден іріктеу кезеңінде 6-орын алған отандасымыз финалдық кезеңде де 165,4 ұпай жинақтап, 6-орынға тұрақтады. Бұл жарыстың жеңімпазы корейлік Бан Хёдзин атанса, күміс жүлдені қытайлық спортшы иеленді. Десек те, Александра финалдық сайыста норвегиялық 5 дүркін әлем чемпионы Дженат Хегг пен үндістандық 3 дүркін әлем чемпионы Рамита Жиндалдан басып озды.

Айта кетейік, Александра Ле бұған дейін аралас жұптық сайыста Ислам Сатпаевпен бірге Париж олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алған еді. Қазірше, Қазақстан құрамасында бір алтын, екі қола медаль бар. Олимпиаданың алғашқы күні дзюдошы Елдос Сметов алтыннан алқа тақса, күні кеше Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдегер атанды. 

Талқылау