Париж олимпиадасының чемпионы атанған Сметов жылдың үздік спортшысы атанды
Париж олимпиадасында Қазақстан құрамасына дзюдодан жалғыз алтынды сыйлаған Елдос Сметов жылдың ең үздік спортшысы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Туризм және спорт министрлігі "Үздік" спорттық премиясында Елдос Сметовті 2024 жылдың үздік спортшысы деп таныса, оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевті биылғы үздік жаттықтырушы ретінде марапаттады. Сондай-ақ дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев 2024 жылдың үздік федерация президенті ретінде құрметке бөленді.
Айта кетейік, Франция астанасында өткен олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары 7 медаль иеленді. Оның ішінде 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль бар. 60 келіде белдескен Сметов барлық кездесуінде жеңіске жетіп, олимпиада чемпионы ғана атанып қоймай, Қазақстан құрамасының қоржынына жалғыз алтын жүлдені салған еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

