Бас бапкерлік қызметін аяқтаған Қайрат Сәтжановқа үш бөлмелі пәтер мен су жаңа автокөлік сыйға берді

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерлік қызметінен кеткен Қайрат Сәтжановқа ерекше сый құрмет көрсетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан бокс федерациясының бірнші вице президенті Дархан Қызайбаев Қайрат Сәтжановқа Toyota Land Cruiser 300 автокөлігін және Астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер кілтін табыстады.
Айта кетейік, Қайрат Сәтжанов бұған дейін ұлттық құраманы екі рет тізгіндеген. Алғаш рет ол бұл қызметті 2021 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың қаңтарына дейін атқарса, 2024 жылғы тамызда қайтадан бас бапкер ретінде тағайындалған.
Ұлттық құраманың бас бапкерлігінен кеткен Қайрат Сәтжанов жаңа қызметке тағайындалды
Сондай-ақ Қайрат Сәтжанов Мұхтархан Ділдәбековтың орнына Қазақстан бокс федерациясының жаттықтырушылармен жұмыс жөніндегі вице-президенті қызметіне сайланды.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды