Париж Олимпиадасына қатыспаған Рыбакина мен Путинцева АҚШ-тағы турнирде ойын көрсетпек
Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартқан қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева АҚШ-та өтетін турнирге жолдама алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Цинциннатиде өтетін WTA 1000 турниріне қатысайын деп жатыр.
"Рыбакина US Open 2021 финалисі Лейла Фернандеспен немесе қытайлық Юэ Юаньмен кездеседі", – делінген турнирдің жеребесінде.
Төртінші орынға ие болған Рыбакина турнирді екінші айналымнан бастайды.
Еске салсақ, Елена Рыбакина өткір бронхитке шалдықққандықтан, Париждегі Олимпиадаға қатыспаған еді. Артынша Юлия Путинцева да денсаулығына байланысты жарыстан бас тартты.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты

