Париж-2024: Демеу Жадыраев Ақжол Махмұдовпен ширек финалда жолығады
Бүгін грек-рим күресінен жарыс жолына шыққан Демеу Жадыраевтың алғашқы айналымдағы қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Грек-рим күресінен екінші жарыс күнінде бозкілемге Демеу Жадыраев ширек финалға шықты. 77 келі салмақта белдесетін балуанымыз алғашқы айналымда колумбиялық Хаир Куэроны айқын басымдықпен ұтып, жарыстың ширек финалына жолдама алды. Енді Жадыраев қырғызстандық әлем чемпионы Ақжол Махмұдовпен белдесіп, жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады. Сондай-ақ бұл топта екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері, әзірбайжандық Санан Сулейманов бар екенін айта кетейік.
Айта кетейік, Демеу мен Махмұд бұған дейін бір рет кездесіп, қырғызстандық балуан басым түскен болатын. Дегенмен Демеу осыдан жеті жыл бұрын дәл осы Париж қаласында әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алған еді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан

